2023 жылдың 18 қазан күні БҚИТУ Білім және менеджмент институты «Қаржы және экономика» кафедрасының 6В04106-Қаржы, 6В04105-Есеп және аудит, 6В04102-Экономика, 6В04104-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 7M04101-Қаржы, 7M04107-Қаржы, 7M04102-Экономика білім беру бағадарламасының студенттеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесі барысында студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және студенттерді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру рәсімі, мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламарды қалай және кімге жолығу керектігі түсіндірілді.
Жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттерге мемлекеттің жастарды қолдау мақсатында көптеген игі шара ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ студенттерді Jaiyq Jastary волонтерлық корпусының жұмыстарымен таныстырып, еріктілер қатарына шақырды.

