2023 жылғы 19 қазанда Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жоғары оқу орындары мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде ғылыми тәсілдерді енгізу» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Бұл конференцияға қатысқандар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, ЖШС «Сейсмология институты», «БҚФ Қазгидромет».
Конференцияға БҚИТУ салалық технологиялар институты Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі , х. ғ. к. Л. И. Байтлесова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Р.Б. Ширванов қатысты.
Конференция аясында өрт қауіпсіздігіне, су тасқыны мен жер сілкінісі қаупін болжауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын – алуға және жоюға байланысты теориялық және практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми тәсілдерді енгізу мүмкіндігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. БҚО ТЖД басшылығымен және өкілдерімен іскерлік әңгіме барысында Білім және Ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды: «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогтарын әзірлеуге көмек көрсету, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді ұйымдастыру, білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі, тәжірибеге бағдарланған сабақтарды ұйымдастыру және өткізу. қонақтардың дәрістерін оқу.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдіреміз!

