2024 жылдың 5 желтоқсанында Өндірістік технологиялар институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының эдвайзерлері Т.Р.Қайыржанов, С.Т. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Гүлнара Кимовна Үмбетовамен кездесу, әңгімелесу ұйымдастырылды. Әңгімелесу барысында «АИТВ, АИТВ-инфекциясы және ЖИТС дегеніміз не?» тақырыбында презентация көрсетілді.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) – ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) тудыратын вирус.

Бұл вирус бір адамнан екінші адамға қан немесе жыныстық қатынас арқылы беріледі. АИТВ инфекциямен күресуге жауап беретін адамның иммундық жүйесіне шабуыл жасайды. «Назар аударыңыз. Кездейсоқ қарым-қатынастар қауіпті » бейнебаянды қарау ерекше қызығушылық тудырды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz