27-28 қарашада Алматы қаласы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (Energo University) «Самұрық-Энерго» компаниясы ұйымдастырған «Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада өтті. Бұл болашақ энергетиктерді қолдауға бағытталған тоғызыншы байқау.

Біздің университеттен олимпиадаға PhD доктор, энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.П. Захаровтың жетекшілігімен «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының үшінші курс білім алушылары Светлаков Александр және Чекалин Никита қатысты. Бұл іс-шараға қатысу олардың кәсіби және жеке өсу жолындағы маңызды кезең болды. Біз білім алушыларымыздың жоғары білім мен дағдыларды көрсеткенін, сондай-ақ олардың одан әрі дамуына оң әсер ететін бірегей тәжірибе алғанын мақтан тұтамыз.

Электротехниканың теориялық негіздері бойынша Олимпиада білімді тексеруге арналған платформа ғана емес, сонымен қатар білім алушылар мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды оқиға болды. Мұндай іс-шараларға қатысу сыни ойлауды, топтық жұмысты және өзіне деген сенімділікті дамытуға ықпал етеді, бұл олардың білім беру процесіне баға жетпес үлес қосады.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, сертификаттар табыс етті және оқуда және кәсіби қызметте одан әрі табыс тіледі.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz