5 желтоқсан 2024 жылы БҚИТУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы Құқық кафедрасының филиалы, жұмыс беруші, БҚО адвокаттар алқасының төрағасы Калиев Ержан Насимуллиновичті және Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаттарын кәсіби мерекелері – Қазақстан Республикасының адвокатурасы күнімен құттықтады.
Адвокатура мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің басты субъектісі болып табылатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Қоғамдағы әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың жұмысында құқықтық нормаларды іске асырудың тұрақты тетігін құруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғандығын атап өтіп, Құқыққа қызмет етудегі ұлы істе табандылық пен адалдық, жаңа кәсіби табыстар тіледі.