2025 жылғы 14 ақпанда 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған “Сәулет және құрылыс” кафедрасында техник-жерге орналастырушы маман Ғиззатоллина Айсана Айдосқызының қатысуымен “Жерге орналастыруда ақпараттық жүйені пайдалану” тақырыбында тәжірибеге бағдарланған сабақ өтті. Жерге орналастырудағы компьютерлік технологиялардың ішінде орталық орынды геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) алады. Геоақпараттық жүйе-бұл аумақ объектілері бойынша кеңістіктік және атрибуттық ақпаратты сақтау, көрсету, жаңарту және талдау жөніндегі міндеттер жиынтығын шешетін бағдарламалық-аппараттық кешен. Мақсаты-заманауи жерге орналастырудың жоспарлы негізі болып табылатын цифрлық карталар мен жер бедерінің жоспарларын құру. Білім алушылар тақырыппен терең және ашық танысты, маманға қызықтырған сұрақтар қойылды.


