2025 жылғы 14 ақпанда кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Орал қаласының № 32 ЖОББМ жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университеттің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер ұсынылды.
Құқық кафедрасының ЮР-22 тобының студенті Донцова Мария университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына ерекше назар аударды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Айешева оқушыларды заңгерлік білім алу мүмкіндіктерімен, мамандықтың келешегімен және құқықтану саласындағы мамандардың сұранысымен таныстырды.