2025 жылдың 3-14 ақпаны аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына  ішкі  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ақтау қаласынан  Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің дене шынықтыру және спорт магистрі, аға оқытушы  Альжанов Ерик Маликович келді. Ерик Маликович 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне  модульдік оқыту нысаны бойынша «Гимнастиканы оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді.

Альжанов Ерік  Маликович – университетіміздің 2013 жылғы  түлегі, біздің мақтанышымыз. Оның спорттағы жетістіктері біртөбе. Қазіргі уақытта Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Есенов атындағы спорт кешенінің төрағасы.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz