Бүгінгі заман – білімі мен біліктілігі жоғары, еңбек нарығындағы өзгерістерге жылдам бейімделе алатын мамандардың дәуірі.
Осы ретте жас ұрпақтың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына көмектесу мақсатында №28 мектеп-лицейінде, №9, №16 және №45 жалпы білім беретін мектептерінде Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру мен қабылдау бөлімінің мамандары 2025 жылдың 14 ақпанында А.Е. Танжарикова мен А.Т. Махамбетова ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу және болашақ еңбек нарығындағы сұраныстар туралы түсінік қалыптастыру.