БҚИТУ салалық технологиялар институтының білім алушылары үшін академиялық ұтқырлық ұйымдастырылды. Ынтымақтастық туралы жасалған шарттар шеңберінде өзара алмасу негізінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар Қазақстанның жоғары оқу орындарында: М.Өтемісов атындағы БҚУ, Баишев университетінде, Жәңгір хан университетінде, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде оқудан өтеді. БҚИТУ салалық технологиялар институтының білім алушылары үшін қолданыстағы шарттар, шетелдік жоғары оқу орындарымен – Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, Удмурт мемлекеттік университеті, М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті, П. А. Столыпин атындағы Ульянов мемлекеттік аграрлық университеті негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді қолданылады. Балаларға пәндерді сәтті меңгеріп, жақсы баға алуларын тілейміз.