БҚИТУ-дағы 2025-2026 оқу жылы 6В07205 – Тамақ өнімдерінің технологиясы мен қауіпсіздігі атты жаңа білім беру бағдарламасының ашылуымен басталды. Осы салада кадрларды табысты және тиімді даярлау үшін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен облыс кәсіпорындары арасында екіжақты ұзақ мерзімді шарттар жасалды. Жасалған маңызды шарттардың бірі «Ағайын А.А.» ӘКК-мен жасалған шарт болып табылады, ол өңірдегі қуатты материал-техникалық базасы бар ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны болып табылады, кооператив құрамына облыстың 25-тен астам шаруа фермер қожалығы кіреді. Сондай-ақ, компания базасында “ветеринария және техносфералық қауіпсіздік”кафедрасының филиалы құрылды.
Кафедра филиалында практикалық сабақтар өткізу және білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі кезінде алынған практикалық тәжірибе жас ұрпақты сапалы жоғары біліммен және тамақ өнімдері өндірісі мен қауіпсіздігі саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды оқытумен қамтамасыз етеді.