«Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының аға оқытушылары М.Қ. Киікбаев, А.К. Кадиралиев және техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.А. Ихсанов 2025 жылдың 2 желтоқсан күні №10, №20 және №30 мектептерде кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізді. Мақсат – оқушыларға мұнай-газ саласындағы мамандықтар мен оқу мүмкіндіктерін таныстыру.

Кездесу кезінде оқушылар университет бағдарламалары, инженерлік мамандықтар ерекшеліктері, болашақ еңбек перспективалары туралы ақпарат алды Оқытушылар тәжірибеден мысалдар келтіріп, заманауи технологиялар мен өндірістік үрдістерді түсіндірді. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз қызығушылықтарын білдірді. Әсіресе, мұнай-газ саласында инновация мен ғылымның рөлі, заманауи өндірістік үрдістерге қалай қатысуға болатыны ерекше қызықтырды.

Аталған кездесу жасөспірімдерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, кәсіби бағдар беруге, өз болашағын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік жасады. Кафедра бұл бағыттағы жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырып, мұнай-газ саласына жаңа мамандарды тартуды мақсат етеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz