2025 жылғы 26 қарашада Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қатысуымен « Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау;  әлеуметтік факторлардан процессуалдық факторларға дейін » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелге БҚО адвокаттар алқасының адвокаттары және заң кеңесшілері, БҚИТУ-нің аға оқытушысы  Е.А.Карагойшиев қатысты.

Астана қаласындағы Европадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының  бағдарламалар кеңсесінің Адами өлшем бөлімінің басшысы Николас Мазик құттықтау сөз сөйледі.

ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми хатшысы, заң ғылымдарының кандидаты Алишева Марал Мейрашевна «Кәмелетке толмағандармен қарым-қатынас: сенім психологиясы және қылмыстық процестің тиімді әсер ету стратегиясы» тақырыбында баяндама жасады.

“Құқық” қоғамдық қорының басшысы Рыль Ольга Владимировна “Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік аспектілері мен сын-қатерлері” атты баяндамасымен таныстырды.

Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Бибінұр Қуанышқызы Мұратова ” Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қылмыстық және азаматтық істердегі практикалық аспектілер” атты баяндамамен сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық мәселелері жан-жақты талқыланып, балалардың құқықтарын қорғау, олардың заңдық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды ұсыныстар жасалды. Қатысушылар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен заң алдындағы қорғалуы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, білім беру ұйымдары мен ата-аналардың, сондай-ақ бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

Талқылау нәтижесінде құқықтық тәрбие беруді жүйелі түрде күшейту, мектептерде және жастар ортасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, интернет пен әлеуметтік желідегі қауіп факторларына қатысты профилактикалық шараларды кеңейту қажеттігі анықталды.

Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар мен нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ міндетіміз, және оны тиімді жүзеге асыру үшін тұрақты ынтымақтастық аса маңызды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz