2025 жылдың 25 қарашасында оқу үдерісі мақсатында жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Л.Н. Майранова жасанды интеллект арқылы шет тілі пәнінен ашық сабақ ұйымдастырып, өткізді. Сабақтың мақсаты: Жасанды интеллект және нейрондық желілер, олардың оқу үрдісіндегі рөлі мен мүмкіндіктері туралы түсініктерін дамыту. Студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, оларды ЖИ мазмұнының мүмкіндіктерімен және құралдарымен таныстыру, білім беру мәселелерін шешу үшін ЖИ-дің практикалық қолданылуын көрсету.

ББ 6В 07101 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 6В 07104 «Техникалық машиналар мен жабдықтар», 6В11301 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтарының студенттері: жасанды интеллект дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?ЖИ, машиналық оқыту (MО) және терең оқыту (ТО) арасындағы айырмашылық неде? ЖИ адам жұмысын алмастыра ма? ЖИ-нің қандай түрлері бар? деген тапсырмаларды орындады.

Көптілді білім беру бағдарламасы аясында тілді сапалы меңгеруді қамтамасыз еткен сабақ мақсатына жетті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz