2024 жылғы 25 қыркүйекте БҚИТУ “Құқық” кафедрасының аға оқытушысы Қуатбек Гүлнар Қуатбекқызы “Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамытудың өзекті мәселелері: Өзбекстан мен Қазақстанның тәжірибесі” тақырыбында Ташкент Мемлекеттік Заң Университеті ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел Қазақстандық ғалымдардың қатысуымен өтті. Дөңгелек үстелде Өзбекстанның атақты ғалымдары Ташкент мемлекеттік заң университетінің конституциялық құқық кафедрасының профессоры з.ғ.д. Рузметов Хайрулло Ибадуллаұлы және з.ғ.д. Йулдашев Азизжон Эргашевич өте мазмұнды баяндамалар жасады. Қазақстанның  тарапынан заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев университетінің  профессоры Гүлнар Айтчанқызы Әлібаева сияқты ғалымдар қатысып, баяндама жасады, сондай-ақ заң ғылымдарының докторы, профессор Ракимбаев Еркінбек Нұрудинұлы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: жай-күйі, проблемалары, шешімдері” баяндамасын ұсынды. Осы дөңгелек үстелде Қуатбек Гүлнар Қуатбекқызы “Өзбекстан мен Қазақстандағы жергілікті өкілді органдардың ақпараттық ашықтығын салыстырмалы-құқықтық талдау” атты баяндама жасап, кеңгаштар пен мәслихаттардың қызметіндегі ақпараттық ашықтықтың өзекті мәселелерін қарастырып, ақпаратты ашудың реактивті және проактивті жолдарын ұсынды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz