2024 жылдың 27 қыркүйек күні 6В07102 – электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ЭЛ-31О топ білім алушыларына «Электр машиналары» пәнінен «Үш фазалы трансформаторлар» тақырыбында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр  Н.Г. Буранованың ашық практикалық сабақ өткізді. Студенттердің сабақ тақырыбына деген қызығушылығын арттыру үшін оқытушы іскерлік ойын әдісін қолданды. Бұл материалды тиімді меңгеруге және студенттерді оқу процесіне тартуға ықпал етті. Сабақ барысында топтық жұмыс арқылы студенттер бірлесіп шешім қабылдап, өз ойларын жинақтауды үйренді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz