Құқық кафедрасы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес экологиялық тәрбие бағытының басым бағыттарының бірі болып табылатын тазалық акцияларына белсене қатысады.

12-ақпан күні еңбекке баулу мақсатында жоспарға сәйкес оқу жылында бірнеше мәрте ұйымдастырылатын таза- бейсенбі акциясының аясында қар тазалау жұмысы жүргізілді.

Бұл шара білім алушыларымызды тазалықты сақтаумен қатар экологияны аялауды үйретеді, әрі оларды еңбекке баулиды. Студенттердің арасындағы қарым қатынасты нығайтып күш біріктіруге ұйымшылдыққа үйретеді. Табиғатты, өзінің өмір сұру ортасын сүюге тәрбиелейді. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері «Тазалық  акцияларына» әрқашан белсенді қатысады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz