2026 жылғы 23 ақпанда 6В07102 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Энергетиканың дамуының заманауи үрдістері мен бағыттары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріске шақырылған баяндамашы ретінде «ЗапКазРЭК» ЖШС-нің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі менеджері Балжанов Абай Елемесович қатысты.
Дәріс барысында энергетика саласының өзекті мәселелері, заманауи технологияларды енгізу, энергия жүйелерін цифрландыру, энергия тиімділігін арттыру және өндірістік қауіпсіздік талаптарын күшейту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін сақтау және энергетикалық кәсіпорындардағы қауіпсіздік нормаларын қатаң ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Абай Елемесович өз қызметі туралы кеңінен баяндап, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Ол өндірістік тәжірибеден нақты мысалдар келтіріп, энергетика саласындағы жұмыстың ерекшеліктері жөнінде айтты. Бұл студенттерге болашақ мамандықтарының жауапкершілігін тереңірек түсінуге және сала талаптарымен танысуға мүмкіндік берді.
Кездесу соңында студенттер өз мамандықтарына қатысты сұрақтар қойып, еңбек жағдайлары, мансаптық мүмкіндіктер және жұмыс берушілердің талаптары жөнінде пікір алмасты. Дәріс еркін форматта, мазмұнды әрі қызықты өтті.


