Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті өкілдері қала мектептеріне барып, түлектермен кәсіби бағдар беру бағытында ақпараттық кездесулер өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет беру және университеттің білім беру бағдарламаларын таныстыру.

Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, заманауи материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар грантқа түсу талаптары, ҰБТ пәндері, құжат тапсыру кезеңдері және қосымша білім беру мүмкіндіктері түсіндірілді.Университет мамандары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға тоқталып, техникалық және қолданбалы бағыттардың маңыздылығын атап өтті.

Әсіресе қазіргі таңда цифрландыру, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар салаларының қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу еркін форматта өтіп, мектеп түлектеріне болашақ мамандығын саналы түрде таңдаудың маңызы түсіндірілді.

Университет өкілдері әрбір мамандықтың ерекшелігін, оқу барысында қалыптасатын кәсіби дағдыларды және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін атап өтті. Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары жас буынның болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді. Оқушылар үшін бұл кездесу өз қабілеттерін саралап, өмірлік бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Білімге негізделген дұрыс таңдау – табысты болашақтың берік іргетасы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz