Бүгін 6В04202-«Құқықтану» білім алушылары кафедрамыздың тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қоғамда діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру болды.
Кездесу барысында баяндамашы Набиғалиев Мұратхан Мұхитұлы діни экстремизм ұғымының мәні мен белгілеріне тоқталып, оның қоғам тұрақтылығына тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, интернет желісіндегі теріс діни ақпараттардан сақтану жолдары, жастардың радикалды идеологияға еріп кетуінің алдын алу шаралары және дәстүрлі рухани құндылықтардың маңызы кеңінен сөз болды.
Маман қатысушыларға күмәнді діни ақпарат көздеріне сын көзбен қарау, ресми және сенімді дереккөздерге жүгіну, сондай-ақ заң талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, дін саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.
Аталған кездесу қоғамда тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.