26-ақпан Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауындағы «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес, жастар арасындағы есірткі тасымалдау қылмыстары мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының тапсырмасы негізінде студенттерге «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты фильмдер көрсетілді. Көрсетілімнің басты мақсаты – жастарға есірткі қылмысының және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру, заң алдындағы жауапкершілікті сезіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Фильмдерде есірткі тасымалдаудың, таратудың және зорлық-зомбылық әрекеттерінің құқықтық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ мұндай қылмыстардың жеке тұлға өміріне тигізетін кері әсері жан-жақты баяндалады. Көрсетілімнен кейін студенттермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, топ эдвайзерлері тарапынан заң талаптары мен жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.
Аталған іс-шара жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Шараға «Құқықтану» БББ барлық топтарының студенттерімен эдвайзерлері қатысты.

