ҚР ҒжЖБМ №14-14-2-8/774-И 4-Ақпан 2026 жылғы хатына сәйкес 6В04202-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Әйелге құрмет = қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және аталған құқық бұзушылықтарға қатысты қоғамда нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында департамент мамандарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында сала мамандары Сатарова Диляра Махмудовна, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры және Нұрмақов Бекжан,  Орал қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты қатысып әйелдердің құқықтарын қорғау бағытында қолданыстағы заңнама талаптарын кеңінен түсіндіріп, некеге мәжбүрлеудің, қудалаудың (сталкинг) және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары нақты мысалдар арқылы баяндалды.

Шара барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерге көрсетілетін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек түрлері туралы мәлімет ұсынылды. Мамандар әйелдер мен қыз-келіншектердің құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, қоғамда әйелдерге қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тиісті органдарға жүгіну қажеттігі ерекше айтылды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу – ортақ міндет екендігін атап өтіп, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz