Бүгін 6В04202-«Құқықтану» мамандығының 1-курс білім алушылары университет кітапханасының жұмыс жүйесімен, оқу қорымен және заманауи мүмкіндіктерімен танысты.
Таныстыру шарасы университетіміздің ғылыми-ақпараттық орталығы БҚИТУ-дың кітапханасында өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды кітапхана қызметімен, электрондық ресурстармен және ғылыми ізденіс барысында пайдаланылатын ақпараттық базалармен таныстыру.
Кітапхана қызметкерлері студенттерге оқу залдары, абонемент бөлімі, электронды каталог, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми дерекқорлар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар білім алушыларға кітаптарды іздеу, тапсырыс беру және онлайн платформалар арқылы пайдалану жолдары түсіндірілді.
Таныстыру барысында құқық саласына қатысты арнайы әдебиеттер қоры, нормативтік-құқықтық актілер жинағы, ғылыми журналдар мен мерзімді басылымдар көрсетілді. Студенттер өз мамандықтарына қажетті әдебиеттермен жақын танысып, кітапхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы маңызын түсінді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кітапхана мамандары академиялық адалдық, дереккөздермен дұрыс жұмыс істеу және ғылыми еңбектерді рәсімдеу талаптары жөнінде де түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұндай шаралар білім алушылардың кәсіби дамуына, ғылыми әлеуетін арттыруға және сапалы білім алуына зор ықпал етеді. Университет кітапханасы – студенттердің тек білім алу орталығы ғана емес, сонымен қатар зияткерлік дамудың маңызды алаңы екені тағы бір мәрте дәлелденді.
