2026 жылғы 18 ақпан күні Салалық технологиялар институтының базасында «Инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімді тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараны «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.К. Отеуова өткізді.

Шеберлік сағатының мақсаты – білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсету, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибеде пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Іс-шара барысында:

  • білім берудегі инновациялық тәсілдердің маңыздылығы талқыланды;
  • белсенді оқыту әдістері мен интерактивті технологияларды қолданудың тиімді жолдары көрсетілді;
  • саралап оқыту мен формативті бағалаудың практикалық үлгілері ұсынылды;
  • цифрлық білім беру ресурстарын сабақ барысында тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

Практикалық бөлімде қатысушылар топтық жұмыс арқылы өз пәндері аясында инновациялық әдістерді енгізудің нақты тетіктерін әзірлеп, тәжірибе алмасты. Талқылау барысында тиімді кері байланыс ұйымдастырылып, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Шеберлік сағаты жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және оқу үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz