2026 жылғы 18-ақпанда филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Доукариева Улдай Қабахановнаның 70 жылдық мерейтойына арналған Білім және менеджмент институтының Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Ғылыми кеңес барысында мерейтой иесінің көп жылдық жемісті еңбегі, жоғары кәсібилігі, филологиялық ғылымды дамытуға және білікті мамандар даярлауға қосқан сүбелі үлесі кеңінен атап өтілді.

Алғашқы құттықтау Құрылтайшылардың атынан жолданды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Рысбеков Тұяқбай Зейитовичпен тарих ғылымдарының докторы, профессор Шинтимирова Баян Габбасовнаның атынан мерейтой иесіне құттықтау адресаты оқылып, естелік сыйлықтар бысталды. Құттықтау мәтінінде Ұлдай Қабахановнаның ғылыми-педагогикалық қызметі мен отандық білім беру саласына қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Институттың Ғылыми кеңесі аясында университет ректоратының атынан БҚИТУ ректоры, т.ғ.к., профессор Б.Т.Шакешев, сондай-ақ проректорлар мерейтой иесін мерейлі жасымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Ғылыми кеңес отырысына Білім және менеджмент институтының директоры т.ғ.д., профессор А.С.Тасмагамбетов пен құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Білім және менеджмент институтының академиялық қызмет, ғылыми жұмыс және цифрландыру департаменттерінің өкілдері мерейтой иесінің ғылыми-педагогикалық қызметіне жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Институттың Ғылыми кеңесіне М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Филология факультетінің деканы Ақбулатов А.А., Батыс Қазақстан академиялық колледжі «АТиСО» Батыс Қазақстан академиялық колледжінің директоры С.Т.Капанова  мен оқытушылары, сондай-ақ Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары арнайы шақырылды.

Ғылыми кеңес барысында мерейтой иесінің шәкірттері, әріптестері мен кәсіби қауымдастық өкілдері сөз сөйлеп, Ұлдай Қабахановнаның ұстаздық жолы, ғылыми мектебі, адамгершілік қасиеттері мен кәсіби беделі туралы жылы лебіздерін білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz