2025 жылғы 11 наурызында Салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасының базасында «Құқықтану пәндерінен интерактивті сабақтарды өткізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы Г.К.Куатбек өткізді.
Шеберлік сыныбы оқытушылардың оқытудың заманауи әдістері мен нысандары туралы білімдерін өзектендіруге бағытталған. Шеберлік сыныбы теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Инновациялық технологияларды ұйымдастырудың әдістері студенттердің танымдық белсенділігі мен мотивациясын белсендіру құралы ретінде қарастырылды, іс-әрекеттің дәйектілігін, визуалды модельдеуді қолданудың әдістері мен формаларын тікелей және колименталды көрсету арқылы тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Оқытушы құқықтану пәндерінен интерактивті сабақтарды өткізудің әдіс-тәсілдері іске асыру мүмкіндік беретінін атап өтті:
– сабақ бырысында қолданылатын арнайы әдіс тәсілдерімен бөлісу;
– студенттердің пәндерді терең игеруге, білуге деген қызығушылығын, жаңа нәрселерді білу қажеттілігін дамыту;
– заманауи маманға қажетті қасиеттерді дамыту (еңбекқорлық, ұтымдылық, үнемділік, есептілік, дербестік, жауапкершілік және т. б.);
– этикалық қасиеттерді тәрбиелеу (адалдық, басқалардың пікіріне құрметпен қарау, қызығушылық және т.б.).
Болашак заңгерлерді дайындауда интерактивті әдістердің тиімділігін арттырудың жолдары мен түрлері және оны қалай пайдалану керек екендігі атап айтылды.
Жұмыстың нәтижесі жағымды әсер қалдырады, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Бұл педагогикалық тәжірибені әріптестер одан әрі пайдалану үшін ұсынуға болады.