2024-2025 оқу жылының 3-13 наурыз аралығында көлік және технология кафедрасында «Күміс университеті» жобасы аясында «Автокөлікті қауіпсіз басқару» курсы ұйымдастырылды. Курсты 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» және 6В07101 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Табинбаев Аманжол Мұратұлы жүргізді.
Бұл курсты жүзеге асырудың мақсаты азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және өзін-өзі дамытуды қолдау, сондай-ақ университеттің даму бағдарламасына сәйкес «Күміс университет» моделіне құрмет көрсету және оны жүзеге асыру болды.
Тыңдаушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, курс ұйымдастырушылары мен оқытушысы Табинбаев Аманжол Мұратұлына жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Курс шеңберінде жолдардағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды, жүргізушілердің типтік қателіктері талданды, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың заманауи әдістері қарастырылды.
Теориялық сабақтардан басқа, тыңдаушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алды, бұл оларға материалды жақсы меңгеруге және көлік жүргізуге деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар оқытушының жоғары құзыреттілігін, материалды ұсынудың қолжетімділігін және курстың практикалық маңыздылығын атап өтті.
«Автокөлікті қауіпсіз басқару» курсы жүргізушілердің сауаттылығын арттыруға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін «Күміс университет» бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.


