2025 жылдың 11-12 наурызында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіби бағдар маманы Б.А. Медресов пен “Тарих және құқық” кафедрасының аға оқытушысы А.А. Кубашев кәсіби бағдар жұмысын жүргізуге Бәйтерек ауданына барды. Кәсіби бағдар жұмысы барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат беріліп, университ туралы бейнероликтер көрсетіліп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандықтарды таңдау жолдары түсіндірілді, жоғары оқу орындарының талаптары мен мүмкіндіктері туралы мәліметтер ұсынылды. Мамандар осы ауданның Круглоозерный, Серебряков, Щапов, Кушум, Янайкин кенттерінде орналасқан жалпы орта білім беретін мектептерде болып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.



