2023 жылғы 25-26 сәуірде Алматы қаласында Логистика және көлік академиясының «Жылжымалы құрам» кафедрасының 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушылар арасында «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылды.

Олимпиадаға Қазақстанның 15 университетінен 42 білім алушылары қатысты. Олимпиада теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалардан құралды. Біздің білім алушылар олимпиаданың барлық кезеңдерінде өз білімдері мен дағдыларын сәтті көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша ТТТ-31О тобының студенті Меңдібаев Мұрасбек 3-ші орынды иеленді.

Пән жетекшісі т.ғ.к., Ph.D, Омаров Ақылбек Нұрлыбекұлына және белсенді қатысқан үшін білім алушыға алғысымызды білдіреміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz