Жалпы білім беру пәндері кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 02 мамырда аға оқытушы Т.Р. Исагулова 6В04203 “Тасымалдауды ұйымдастыруды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу “, 6В04202 “Құқықтану” білім беру бағдарламасы бойынша I курс білім алушыларымен Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрына баруды ұйымдастырды. “Бір түп алма ағашы” спектаклі – бір отбасының тағдырын сипаттайтын шығарма. Өмірлік оқиғалар мен қиындықтарға толы драма. Шығарманың негізі әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы қарама-қайшы пікірлер, адамдар арасындағы алауыздық, ағайындылардың байлығының ыдырауы болды. Студенттердің пікірінше, спектакль жақсы әсер қалдырды, қызығушылық пен жағымды эмоциялар тудырды.


