2023 жылғы 27-28 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында ХV Республикалық пәндік олимпиада өтті. Биыл ҚазҰАЗУ өткізетін Республикалық олимпиадаға 18 қазақстандық жоо-дан 15 білім беру бағдарламасы бойынша 217 білім алушы қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен өтті – тестілеу және ситуациялық және қолданбалы есептерді шешу. Пәндік олимпиаданың барлық тапсырмалары мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес құрылған.

Біздің университеттен ветеринария ғылымдарының магистрі, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Жұбантаева Алтын Нұрымқызының жетекшілігімен 6В09101-ветеринария ББ 4 курс студенттері: Әліп Гүлназира, Иманалиева Ақнұр, Хаирулина Наиля қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Әліп Гүлназира құрметті жүлделі III-орынға ие болып, жеңімпаз дипломымен марапатталды. Қалған қатысушылар мен жетекші ветеринария ғылымдарының магистрі А.Н. Жұбантаева алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық пәндік олимпиада – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін маңызды іс-шара. Сонымен қатар, ол оқытушы – педагогтарға өз кәсібилігін табысты дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің студенттерге алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz