2024 жылдың 25 сәуірінде БҚИТУ-дың СТИ ВжТҚ кафедрасының ББ әзірлеу жөніндегі академиялық комитеттерінің отырыстары өткізілді: 6В11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6В09103-Ветеринария, 7М09101-Ветеринариялық медицина, 6В07501-Стандарттау және сертификаттау. Академиялық комитеттер (АК) бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын сапалы әзірлеу, олардың мазмұнын үздіксіз жаңартуды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Отырыстарға кафедраның жетекші ғалымдары мен оқытушылары, магистранттар, студенттер, сондай – ақ сыртқы стейкхолдерлер-жұмыс берушілер, “Ұлттық стандарт сертификаттау орталығы” ЖШС, “Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы” АҚ БҚФ, “AVENCOM” ЖШС, РМК «Республикалық ветеринарлық зертханасы» ҚР АШМ ВБжәнеҚК БҚО филиалының өкілдері, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖСШ «Батыс Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы» филиалының өкілдері, “Кеңес” ЖШС, БҚО бойынша экология департаменті, “Ақ Берен” Батыс Қазақстан облыстық филиалы” Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының өкілдері қатысты.
АК мүшелері кафедра ББ мамандарын даярлау мәселелері мен перспективаларын, білім беру бағдарламаларының паспорты мен мазмұнын талқылауға, 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура және бакалавриат ББ элективті пәндерінің тізбесін қалыптастыруға белсенді қатысты. Оқу пәндерінің атаулары, оқу нәтижелері келісілді.
АК жұмысының қорытындысы қазіргі білім беру жүйесінде аса сұранысқа ие қажетті құзыреттерді қалыптастыруда үлкен маңызы бар жаңа пәндерді ББ-ға, ЭПК-на енгізу жөніндегі шешім болды.


