Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетіктерінің бірі сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың ұсыныстары мен студенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес құзыреттілік көзқарасқа негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жыл сайынғы жаңарту болып табылады.

2024 жылдың 25-сәуірінде БҚИТУ Білім және менеджмент институтының «Педагогика және психология» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Психология», «Педагогика және психология» бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша 2024-2025 оқу жылына жаңарту мен толықтыруға арналған Академиялық комитеттің стейкхолдерлермен біріккен отырысы болып өтті.

ББ талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: БҚИТУ бірінші және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Машанова С.А., Білім және менеджмент институтының директоры Тасмагамбетов А.С., Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі жетекшісі Тулегенова А.У. және жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері: «Айяна» мектепке дейінгі білім беру ұйымы директоры Жумагазиева Г.М., №10 «Балапан» бөбекжайы МКҚК директоры Абдулова Б.Т., №7 «Айналайын» бөбекжайы МКҚК директоры Кенжегарина А.С., Психоанализ бағытындағы тәжірибелі психолог маман Тасеменова Б.Б., Орал қаласының педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің   педагог-психологы Идрескалиева Н.К., А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының педагог-психологы   Байжиенова Г.О., №40 ЖОББМ  КММ педагог-психологы   Габдрахимова Н.Н., Ә.Молдағұлова атындағы №38  мектеп-лицейінің педагог-психологы   Мұхангалиева А.Б. қатысты.

Білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері мен білім беру бағдарламаларын жаңартудың негізгі қажеттіліктері туралы академиялық комитет мүшелері п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Набидоллина Ш.С., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Джонисова Г.К., п.ғ.д. қауымдастырылған профессор Бахишева С.М,    PhD, қауымдастырылған профессор Султаниязова Н.Ж. өз ұсыныстарымен бөлісті.       

Кездесу барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту бойынша кадрлармен, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен, материалдық-техникалық, практикалық базамен қамтуды ескере отырып өз пікірлерін айтты. Сонымен бірге “Қазақстан Республикасының педагогикалық әлеуетін нығайту” жобасының аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 6В01202-Мектепке дейінгі білім беру (IP) инновациялық білім беру бағдарламасын негізінде мектепке дейінгі педагогтарды дайындау туралы шешім қабылданды.

Отырыс қорытындысы бойынша бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламаларына 2024-2025 оқу жылына жаңарту мен толықтыру енгізіліп, элективті пәндер каталогын жасақтау ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz