2025 жылдың 28-ақпанымен 4-наурызында университетте БҚИТУ ректоры Бекболат Темержанұлы Шакешевтің “Университет қызметінің қазіргі ахуалы және даму бағыттары” тақырыбындағы ұжыммен кездесулері өтті.

Кездесу барысында ЖОО  басшысы университетті дамыту бағдарламасының үш негізгі стратегиялық бағыты – оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісіп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына қойылып отырған заманауи талаптарға тоқталып, Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарының өлшемдері мен индикаторлары туралы баяндап өтті.

Кездесулерде сондай-ақ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор С.А.Машанова және ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор И.Н.Жұбантаев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің индикаторларына назар аудартып, олардың талаптарымен таныстырды.

Кездесулер қорытындысында ЖОО-ның басты стратегиялық құжаты – БҚИТУ-дың 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz