2026 жылғы 13 қазанда Салалық технологиялар институтының құқық кафедрасында 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ЮР-220, ЮР-31О және ЮР-33О топтарының студенттері Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне барды. Экскурсия Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен БҚО Полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті.

    Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Т. Х. Рахметов болашақ заңгерлерді Арнайы даярлық басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К. К. Уразбаевқа таныстырды.

    Экскурсия Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының жұмысымен танысудан басталды. Студенттерге қызметкерлердің заманауи бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін тәулік бойы қалай қамтамасыз ететіні көрсетілді. Ажыратымдылығы жоғары камералар облыс және аудан орталықтарындағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Орталық қызметкерлері бұл технологиялардың құқық бұзушылықтарды тіркеуге және жедел тоқтатуға, құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға қалай көмектесетінін түсіндірді. Осылайша «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттары іс жүзінде жүзеге асырылады. Студенттер өз сұрақтарына да жауап алды.

    Одан кейін спорт залында К. К. Уразбаев студенттерді Полиция департаменті қызметкерлерінің дене және арнайы даярлығымен таныстырды. Болашақ заңгерлер қарулы қылмыскердің шабуылын тойтару, оны ұстау және айдауылдау тәсілдерінің, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс әдістері мен күш жаттығуларының орындалуын тамашалады.

    Экскурсияның келесі кезеңі Полиция департаментінің жаңа музейінде өтті. Музей меңгерушісі А. А. Кадыргалиева мазмұнды экскурсия өткізіп, студенттерді облыстың ішкі істер органдарының қалыптасу және даму тарихымен таныстырды. Экспозицияда әр кезеңдегі милиция мен полиция қызметкерлерінің жұмысы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері туралы мәліметтер берілген. Музейде олардың нысанды киімдері, жабдықтары және жеке наградалары қойылған.

    Болашақ заңгерлерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері пайдаланған криминалистикалық және арнайы техника, байланыс құралдары, сондай-ақ қылмыскерлерден тәркіленген бірегей атыс және суық қару коллекциясы ерекше қызықтырды. Студенттер спорттық жетістіктерге, ардагерлер ұйымының жұмысына және Орал өңірінің тәртіп сақшыларының ерліктеріне арналған стендтерді көрді. Бұл материалдарда өмірін қатерге тігіп, антына адалдық танытқан және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлер туралы баяндалды. Музейдегі мол жәдігерлер қоры экскурсияға қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

    Соңында Т. Х. Рахметов құқық кафедрасының оқытушылары мен студенттері атынан К. К. Уразбаев пен А. А. Кадыргалиеваға қызықты әрі мазмұнды экскурсия үшін алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz