Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында  Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Аталған орталық тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін педагогикалық білімі жоқ тұлғаларды педагогикалық қайта даярлауды жүзеге асырады. 05.03.2025 күні оқу жоспарын толық аяқтаған PR0013 – Педагогикалық қайта даярлау білім беру  бағдарламасының 19 тыңдаушысына мемлекеттік үлгідегі сертификат табысталды. Курс тыңдаушылары келесі мамандыру бойынша білім алды: информатика, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті.

Аталған курстың білім беру бағдарламасының мазмұны жалпы білім беретін пәндер мен психологиялық-педагогикалық пәндерден және педагогикалық практикадан тұрады. Тыңдаушылар 21.02.2025 күні қорытынды аттестау емтиханын сәтті тапсырды.  Алты айлық оқу курсты аяқтаған тыңдаушыларымыз алдағы уақытта білім беру ұйымдарында педагог болып жұмыс істей алатынын атап өткіміз келеді.  Институт директоры А.С. Тасмагамбетов пен орталық жетекшісі А.Н. Бекмашева курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларды құттықтап,  ұстаздық қадамына сәттілік тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz