2025 жылдың 5-наурызында БҚИТУ Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының Қаржы және экономика кафедрасы «StartUPWKITU» бизнес-жобалар конкурсын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында кәсіпкерлікті дәріптеу, оқушылардың кәсіпкерлік және презентация жасау, бизнес-идеяларды генерациялау дағдыларын дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру болып табылады. «StartUPWKITU» бизнес-жобалар байқауына қазылар алқасының төрайымы «Кәсіпкерлік және сауда» бөлімінің бас маманы Бақытжанова Арайлым Маратқызы, қазылар алқасының мүшелері экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Салимбаева Шолпан Дисенбаевна, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Нурманова Айсулу Каиргалиевна, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Тлесова Жанат Амангосовна, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Тимиргалиев Ильяс Наурызбаевич.
Байқауға № 10, 38, 37 жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларынан құралған 5 топ қатысты. Байқау барысында қазіргі уақытта өзекті және сұранысқа ие бірнеше бизнес-идея ұсынылды. Идеялар шаштараз салондарын ашудан құс фабрикасын құруға дейінгі кең ауқымды аймақтарды қамтыды. «StartUPWKITU» бизнес-идеялар байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қорытынды шығарып, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

