2026 жылы 15 қазан БҚИТУ барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. Аталмыш шара салтанатты түрде басталып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбайұлы барша 1 курс студенттерін құттықтап, белсенді студенттерге ректордың Алғыс хатын табыстады. Салалық технологиялар институтының директоры Билашев Бауыржан Акимжанович құттақтау сөзін сөйлеп, белсенді студенттердің ата-аналарына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшы алғыс хаттарын табыстады. 1 курс студентері салтанатты түрде ант қабылдап, Институт директоры студенттік билет табыс етті. Аталмыш шарада институттың студенттерінен құрылған топтар заманауи би, вальс, вокал әндері бойынша қойылымдар қойып, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы «БҚИТУ жұлдызы» атты сайыс өткізіліп, жеңімпаздары аталмыш кеште марапатталды. Әдемі кештің қонақтары облысымыздың жұлдыздары мен елімізге танымал, жастарымыздың сүйікті әншілері өнер көрсетті! Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz