2026 жылғы 16-қазанда Білім және менеджмент институтында қаржы және экономика кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономист еместерге арналған экономика: экономикалық сауаттылыққа бастайтын жол» атты студенттердің ІІ жыл сайынғы ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Іс-шара «Психология», «Аударма ісі», «Құқық қорғау қызметі», «Шет тілдері (екі шет тілі)» және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының студенттерін біріктірді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндамалар төрт секция аясында жасалды: «Әлемдегі экономиканың дамуы» (модераторы – экономика магистрі, аға оқытушы Ш.Д. Салимбаева), «Тілдік әртүрлілік және экономика» (модераторы – экономика ғылымдарының докторы, доцент Г.К. Курманова), «Экономика және психология: ғылыми білімді интеграциялау мәселесі» (модераторы – экономика ғылымдарының докторы, доцент Б.Б. Суханбердина) және «Экономика және құқық: қазіргі әлемдегі өзара іс-қимыл негіздері» (модераторы – аға оқытушы Н.И. Тулеугалиева).
Конференция аясында экономика мен басқа салалар арасындағы өзара байланысқа, сондай-ақ білімнің тәжірибеге енгізілуіне қатысты қазіргі үрдістер талқыланды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz