Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасында 3 ақпан күні Тарихты оқыту әдістемесі бойынша кезекті семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті өткізуші – БҚО Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»  мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі Нуртазина Айгерим Базаровна. Шеберлік сабағының мақсаты «Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша, оқушылардың алған білімін топтық тапсырмалар арқылы бақылай отырып,  топта жұмыс жасауға баулу, командалық рухта тәрбиелеу, оқушылардың өз әріптестерінің пікірін тыңдай білуіне, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана алуына қол жеткізу.

Айгерим Базаровнаның материалды түсіндіру мен игертуде  тақырыпты ашуға, бекітуге, қорытындылауда арнайы  қолданған ойындары оқушылардың материалға қызығушылығын оятуға өте тиімді әдіс екенінін көрсетті. Семинар-тренинг барысында тарихты оқыту әдістемесінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер мен әр-түрлі ақпараттық-коммуникативтік құралдарды, көрнекіліктерді қолдана отырып сабақты қызықты, заман талабына сай өткізу семинарға қатысушы студенттерге түсіндірілді. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша кәсіби құзыреттілік, шығармашылық деңгейін көтеру бағытында қатысушыларға тәжірибе алмасуға бағытталған семинар-тренингті аяқтай келе, Нуртазина Айгерим Базаровнаға педагогика факультеті деканының алғысхаты табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz