2023 жылдың 2 ақпан күні студенттік «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен басқа (РФ) ЖОО ауысып келген студенттерге арналған кезектен тыс жиналысы өтті. Жиналысқа Инженерлік-гуманитарлық факультетінің деканы Билашев Бауыржан Акимжанович қатысып, студенттерге оқумен бірге тәрбие, ғылыми жұмыстарды бірге алып жүруге кеңес беріп, белсенді болуға шақырды. Жиналыс барысында студенттік «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері таныстырылып, белсенді студент болғысы келетін студенттерге интелектуалды ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар университетте алдағы өтетін шаралар талқыланды.

