Жалпы білім беру пәндері кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 21 қарашада аға оқытушы Т.Р. Исагулова және эдвайзер А. А. Сұлтанғалиева 6В07301 “Сәулет”білім беру бағдарламасы бойынша I курс білім алушыларымен табиғат және экология мұражайына баруды ұйымдастырды. Музей директоры Джумагазиева Айгүл Умарғалиқызы «Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» тақырыбында экскурсия жүргізді. Табиғат және экология мұражайы бұрынғы әскери мұражайдың коллекциясы негізінде құрылған. Оның көрмесі үш залда ұсынылған және 10 000-нан астам сақтау заттарын қамтиды. Екінші залда Орал қаласының жануарлар дүниесі зерттеледі.
Бірінші зал облыс ғалымдары мен зерттеушілерінің жетістіктеріне арналған, мұнда минералдар мен өлкенің ежелгі жануарларының сүйектері қойылған. Мұнда жәндіктерді, суыр, шақал, дала қыраны, ақбөкен сияқты өңірге тән жануарларды көрсететін «Дала» диорамасын көруге болады.
Үшінші залда Орал өңірінің фаунасының ірі өкілдері: бұлан, елік, сілеусін, т.б. бейнеленген «Орман» диорамасы орналасқан. Мұражайда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы оған енгізілген жануарлардың тізімі қойылған. Келесі кезекте студенттерге КПО кен орны туралы, табиғатқа әсері туралы «Капустин Яр» фильмі көрсетілді. Студенттердің қызығушылығын жойылып кеткен жануарлардың сүйектері тудырады: тіс, омыртқа, мамонттың азу тісі.


