2023 жылдың 13-17-қарашасы аралығында «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» тақырыбында еліміздің ұлттық валютасы – теңгеміздің 30 жылдық мерекесіне арналған апталық оздырылды.

Апталық аясында 13-14 қараша күні «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы», «Мен өз мамандығымды жақсы көремін» тақырыптарында студенттер видео-роликтерін дайындады. Студенттер теңгенің шығу тарихы, қаржы мамандығы туралы, құттықтау сөздерін кірістіріп әсерлі дайындаған видео-роликтерін тамашалады.

2023 жылдың 15 қараша күні  э.ғ.к., қауымд. проф. Г.К. Курманова., э.ғ.м., аға оқытушы Ш.Д. Салимбаеваның ұйымдастыруымен 6В04106 – Қаржы, 6В04102 – Экономика, 6В04103 – Менеджмент, 6В04104 – Жергілікті және мемлекеттік басқару, 6В04105 – Есеп және аудит ББ 1-3 курс студенттері арасында «Қаржылық квест» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шараға студенттер белсенді қатысты, сұрақтар қызықты болды.

2023 жылдың 16 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Д.С. Тогашева мен Н.И Тулеугалиеваның ұйымдастырумен 6В04106 – Қаржы, 6В04102 – Экономика, 6В04103 – Менеджмент, 6В04104 – Жергілікті және мемлекеттік басқару, 6В04105 – Есеп және аудит ББ 1-3 курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының мұражайына экскурсия жасадық. Мұражайдан студенттер бұрыңғы уақыттағы қолданылған есептеу машиналарын, ПЭВМ компьютерлерді, алтын, күміс монеталарды, мерекелерге арналған түрлі-түрлі монеталарды, жаңа купюраларды көріп қызығушылық танытты.

2023 жылдың 16 қараша күні «Еліміздің ұлттық валютасы – теңгеміздің 30 жылдық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының  «Қолма – қол ақшалар және кассалық операциялармен жұмыс» бөлімінің басшысы Аханов Еркебұлан Орынбасарұлы еліміздегі теңгенің пайда болу тарихы туралы дәріс оқыды.  

2023 жылдың 17 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы Н.И Тулеугалиеваның ұйымдастырумен «Қазақстанның ұлттық валютасының бүгіні мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz