2023 жылдың 20-қарашасында “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, магистр Абужалитова Ақбаршын Талғатқызының ұйымдастыруымен “Білім беру тәжірибесіндегі трансформациялау” тақырыбындағы әдістемелік апталық өз жұмысын бастады.
Алғашқы болып апталықты “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Тастемирова Айболсын, Габбасова Бақытханым, Умбеталиева Айнагуль, Гиниятова Дана «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-4 курс білім алушыларына “Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру” атты коучинг сабағын өткізумен бастады.
Сабақта “Фишбоун”, “Өрмекші”, “Джигсо”, “Қар кесегі”, “Кезбе тілші”, “3 Қ” әдістерін қолдану арқылы тапсырмалар орындалды, “Нартәуекел” зияткерлік ойыны ойнатылды.
Сабақ өз жаңашылдығымен қызықты өтті. Магистранттар сабақ соңында сертификаттармен марапатталды.


