2025 жылғы 25 қарашада 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері аға оқытушы Мурзабеков Ж.А. жетекшілігімен Батыс Қазақстан облысының ТЖД жедел-құтқару отрядына барды.

Сабақ барысында құтқару отрядының мамандары заманауи авариялық-құтқару жабдықтарын, жеке қорғаныс құралдарын таныстырып, әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері мен қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы айтты. Студенттер құтқарушылардың күнделікті қызметі, олардың кәсіби дайындықтары және табиғи әрі техногендік апаттар кезіндегі іс-қимылдары туралы мәлімет алды.

Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандардың жетекшілігімен студенттер гидравликалық авариялық-құтқару құралымен жұмыс істеуді тәжірибеде байқап көрді.

Сабақ студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, ТЖД қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Бұл іс-шара болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруда маңызды кезең болып, жарқын әсер қалдырды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz