2025 жылдың 26 қарашасы күні Мұнай-газ инженериясы кафедрасында жоспарға сәйкес кезекті Қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Бұл жолғы дәрістің спикері – Қарашығанақ Petroleum Operating B.V. компаниясының Ұңғыманы пайдалану және өндіру бөлімі операторы, тәжірибелі маман т.ғ.м. Рахмашев Заманбек Жұмабайұлы болды.

Дәріске кафедраның оқытушылары мен мұнай-газ инженериясы мамандығының білім лушылары қатысып, өндіріс әлемінің болмысымен жақынырақ танысты. Заманбек Жұмабайұлы өз баяндамасында мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану барысындағы күнделікті жұмыстың ерекшеліктері, өндірістік процестердің маңыздылығы және инженердің жауапкершілік жүгін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, Қарашығанақ кен орнында қолданылып жатқан жаңа технологиялар, заманауи бақылау жүйелері және тиімділікті арттыруға бағытталған инновациялық шешімдер туралы мазмұнды ақпарат берілді.

Білім алушылар үшін бұл дәріс теория мен практиканың тоғысқан сәті болды. Олар өндірісте орын алатын нақты жағдайлар мен инженер мамандығының шынайы қырларын тыңдау арқылы болашақ кәсібінің мәнін тереңірек түсінді. Ал оқытушылар үшін сала маманымен тәжірибе алмасып, оқу процесін өндірістегі соңғы трендтермен байланыстыруға мүмкіндік туды.

Кафедра ұжымы Рахмашев Заманбек Жұмабайұлына білім алушылардың кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, университет пен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz