2025 жылдың 26 қараша күні БҚИТУ СТИ – да «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының (салалар бойынша) 4 курс білім алушыларымен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының менеджмент және маркетинг жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің жетекші маманы Нұржанова Клара Мақсұтқызымен кездесуі өтті.

Шақырылған маман-практик «Сапа ұғымының генезисі. Қазақстан Республикасында техникалық реттеу жөніндегі жұмыстарды дамыту» тақырыбы бойынша сапаның не екенін және оның күнделікті өмірде өнімді пайдалану кезіндегі біздің қауіпсіздігіміз бен әл-ауқатымызға тікелей байланысты екенін түсіндірді. Білім алушылар сонымен қатар менеджмент жүйелерінің қолданыстағы стандарттарымен танысып, кәсіпорындарда сапаны тиімді басқаруды қамтамасыз ететін интеграцияланған жүйелердің маңыздылығы туралы білді.

Мұндай іс – шаралардың негізгі мақсаты – білім алушыларға практикамен байланыс орнатуға және нақты саладағы кәсіби келеңсіздіктер мен жұмыс тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік беру. Практик-маман өз білімімен бөлісе отырып, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға үлес қосты.

Біз Клара Мақсұтқызына мазмұнды және қызықты дәріс үшін алғыс білдіреміз және «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалымен одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz