2025 жылдың 30-қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және Менеджмент институтында «Студенттердің теріс діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау» тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ теріс діни идеологиялардың ықпалынан сақтану жолдарын түсіндіру. Кездесуге Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасынан арнайы қонақтар шақырылды:

– Адайхан Бағдат Қанатұлы, Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы;

– Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы, «Қадыр» орталығының басшысы, ақын, сазгер, күйші және тарихшы.

Қонақтар студенттермен ашық сұхбат жүргізіп, дәстүрлі ислам құндылықтарының мәні мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, жастарға радикалды және экстремистік көзқарастардан аулақ болудың маңыздылығы жөнінде түсінік берілді.

Кездесу барысында студенттер көптеген сұрақтарына жауап алып, өз көзқарастарымен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz