2025 жылдын 30 қазан күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Қоғамдық келісім» КММ конференц залында Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйым басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аталған шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко, оқу-ағарту, туризм және спорт және экология министрліктерінің өкілдері, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сержанұлы Даниел, география ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетінің профессоры, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдар кеңесінің мүшесі, бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты Мазбаев О.Б.,

БҚО облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, облыстық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының қамқоршылық кеңесінің мүшелері, туристік-өлкетану және экология-биологиялық бағытындағы ұйымдардың басшылары, педагогтер, БАҚ.

Үйлестіру кеңесінің тақырыбы: «Туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық білім беру кеңістігінде отансүйгіштік пен кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың заманауи тәжірибелері». Шараның модератор: Абишева Гульнара Абдрахмановна, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры.

Үйлестіру кеңесінің мақсаты: педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыра отырып, туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық білім беру кеңістігінде тәрбие берудің заманауи әдістерін талқылау, шығармашылық қабілеттерді дамыту тәжірибесімен бөлісу және тұлғаның рухани-адамгершілік, отансүйгіштік пен кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.

Аталған шараға университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры. «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қонақ үй индустриясын басқару, туризм және ивент-менеджмента саласындағы PhD докторы, А.А.Остапец-Свешников атындағы Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясы» Халықаралық қоғамдық ұйымының академигі А.И.Абекешев «Туризм ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі» тақырыбында баяндама оқыды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz