Университетіміздің атына Батыс Қазақстан облысының Шахмат федерациясынан алғыс хаты келіп түсті. Ұйым университеттің және Айгуль Казыбаевна Бозымованың қалада шахматты дамыту мен насихаттауға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ағымдағы жылы университеттің қолдауымен «Орал күзі» рейтингілік турниры және Қазақстан Республикасының күніне арналған «OCTOBER CHESS» қалалық блиц турниры табысты ұйымдастырылды. Бұл шаралар жас шахматшылар мен спорт ардагерлерін біріктіріп, өңірдегі интеллектуалды қозғалыстың дамуына маңызды үлес қосты.
Шахмат федерациясы университеттің қолдауын жас дарындар, олардың ата-аналары және тәжірибелі спортшылар ерекше ризашылықпен қабылдайтынын атап өтті.
Университеттің бастамасы мен шахматты дамытуға деген ықыласының жоғары бағалануы және жастар арасында интеллектуалды спорт мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуы – біз үшін зор мақтаныш.